Данияр Елеусінов келесі жекпе жегіне дайындалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жартылай орта салмақтағы IBF InterContinental титулының иегері Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) алдағы жекпе-жекке дайындығын бастап кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Олимпиада чемпионының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Қазақ найзағайы» Данияр Елеусінов өзінің Instagram парақшасында спаррингтен сурет жариялады. Суретке қарап, оның спорттық бабында болу үшін туған елінде жүрсе де жаттығудан бас алмайтынын көруге болады. Бұған дейін боксшы келесі жекпе-жегі 8 мамырда Сауль «Канело» Альварес пен Билли Джо Сондерс жекпе-жегінің андеркардында өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. Соңғы рет 27 қарашада АҚШ-та өткен жекпе-жекте Данияр Елеусінов әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 13 КО) екінші раундта нокаутқа жіберген еді.


Соңғы жаңалықтар