Данияр Елеусінов Лондондағы айқасқа дайындалуда
АСТАНА. ҚазАқпрат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) өзінің алда Ұлыбританияда болатын дебюті жайында айтты, деп жазады Sports.kz.
6 маусымда ол Лондондағы York Hall ойын-сауық кешенінде рингке шығады. 6 раундқа созылатын айқаста Даниярдың қарсыласы венгерлік Габор Горбич (24-11, 14 КО) болмақ.
«Мен Лондонға келгеніме қуаныштымын, дегенмен қатты қобалжудамын. Өйткені олардың фанаттары алдында рингке шыққалы отырмын. York Hall кешенінде өтетін айқастар жайлы көп естідім. Осында өзімнің шоуымды көрсетуді асыға күтудемін», - деді ол.
Еске сала кетсек, Данияр профиге алғаш рет 28 сәуірде Дэниэл Джейкобс - Мацей Сулецки андеркардында рингке шыққан еді. Онда америкалық Дэниэл Джейкобс - Мацей Сулецкиді үшінші раундта сұлатып салған.