Данияр Елеусінов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) никарагуалық Карлос Мохикамен (16-2-2, 12 КО) кездесуі алдында салмақ өлшеу процедурасынан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Елеусіновтің салмағы 147,7 фунт (67 кг) болды, ал Мохика - 146 фунт (66,22 кг) шықты.

Бүгін қазақстандық боксшы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметіне жиналған БАҚ өкілдерімен Монакодан видеобайланыс арқылы қосылды. Ол өзінің қарсыласы өте тәжірибелі әрі мықты екенін атап өтті.

Елеусінов-Мохика жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Айқас қарашаның 24-інен 25-іне қараған түні «Казино де Монте-Карлода» өтеді. Бұл кештің басты айқасы алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) арасында өтеді. Хедлайнерлер аса жеңіл салмақтағы Халид Яфаи (24-0, 15 КО) мен Исраэль Гонсалес (23-2, 10 КО) болмақ.

Еске салайық, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы төртінші айқасын 20 қазанда Бостон (АҚШ) қаласында өткізген болатын. Сонда жергілікті Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.

Ал Карлос Мохика соңғы рет 14 сәуірде рингке шықты. Ол екінші раундта жерлесі Элвисті Рамиресті (7-18, 2 КО) нокаутпен жеңді.  

 

Соңғы жаңалықтар