Данияр Елеусінов Сондерстің бокс кешінде айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияр Елеусіновтің (3-0, 1 КО) мүддесін ұсынатын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби рингтегі төртінші айқасы туралы жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Данияр Елеусінов Сондерстің бокс кешінде айқасады

Бұдан бұрын хабарланғандай, Елеусінов 20 қазанда Бостонда (АҚШ, Массачусетс штаты) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыласы - орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) хедлайнер болады.

«Дауыл Бостонға қарай бара жатыр... #СондерсАндраде #ҚазақКүрсілі», - деп жазды Matchroom Boxing туиттерде.

Еске салайық, Данияр Елеусінов соңғы айқасын 4 тамызда өткізген еді. Ол Кардиффте (Уэльс) венгриялық Габор Горбичты (26-12, 16 КО) ұпай бойынша жеңген болатын.