Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға 7-нші лицензияны алып берді

деп хабарлады «Астана спорт» басылымынан.
Кеше Астанада екі күнге созылатын олимпиадалық біліктілік турнирінің J-финалы басталды. Аталмыш жарыстың алдын ала кездесулерінде Ауғанстан, Бангладеш, Мяньма, Непал, Шри-Ланка, Вьетнам сынды 6 мемлекеттің өкілдері жарыстан тыс қалды. Ширек финалда өнер көрсететін спортшылардың басым бөлігі Қырғызстан мен Иран елдерінен келген. Бұл мемлекеттердің әрқайсысынан жарысқа 6 боксшыдан қатысады. Ал Қытай, Үндістан, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдерден 5 боксшыдан қатыспақ.
Д.Елеусінов болса, осы жарыста лицензия ұтып алған екінші спортшы болып отыр. Ширек финалда ол Солтүстік Корея спортшысы Чол Сон Киммен кездесіп, оны 17:6 есебімен жеңді. Енді ол өзбекстандық боксшы Уктамжан Рахмоновпен жұдырық түйістіреді. У.Рахмонов кеше жапониялық тәжірибелі боксшы Масатсугу Кавачиді тізе бүктірді.