Данияр Елеусінов - жартылай финалға жолдама алған жетінші қазақстандық боксшы

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Данияр Елеусінов жартылай финалға жолдама алған жетінші қазақстандық боксшы атанды.

Данияр Елеусінов - жартылай финалға жолдама алған жетінші қазақстандық боксшы

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Данияр Елеусінов әлемдік доданың 1/2 финалына шығу үшін итальяндық Винченцо Манджиакапремен жұдырық түйістірген, деп хабарлады sports.kz.

Әдемі, жоғары қарқында өткен кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны сенімді жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай финал жолдамасына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Иван Дычко (91 кг) ие болған еді.