Данияр Елеусіновтің АҚШ-тағы бапкері белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті Америкада әкесі Марат Елеусінов жаттықтыратын болды, деп жазады Sports.kz боксшымен келісімшарт жасасқан Boxing Star менеджерлік компаниясының атқарушы директоры Зия Алиевке сілтеме жасап.
«Данияр Елеусіновті АҚШ-та әкесі баптайды. Бапкердің көмекшісі де болады, оның есімін жуық күндерде жариялаймыз», - дейді З. Алиев.
Оның айтуынша, Данияр Нью-Йоркте әкесімен бірге тұратын болады. Қазір жаттығу залы, Марат Елеусіновке көмекші бапкердің оларға қосылуы жөнінде келіссөздер өтуде. Олар Нью-Джерси немесе Бруклинге тұрақтауы мүмкін. Ал қазір боксшыға виза ресімдеу жұмыстары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық былғары қолғап шеберінің әкесі кәсіпқой боксқа ауысқан ұлының "талабын қайтарғысы келмейтінін" айтқан болатын.