Данияр Елеусіновтің жоспарлары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Asianboxing.info сайты Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) менеджері Зия Әлиевке сілтеме жасап, қазақстандық боксшының жуық арадағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Данияр Елеусіновтің жоспарлары белгілі болды

«Жоспар Елеусіновтің 2019 жылы титулдық және он раундтық жекпе-жектерге алмасуын көздейді. Ол ақпан немесе наурыз айында, соңғы сегіз раундтық немесе алғашқы он раундтық кездесуін өткізеді. Айқастың егжей-тегжейі әлі пысықталады, мәселен, өтетін күні мен жерін анықтау қажет. Әлиевтің айтуынша, олардың бірі Нью-Йоркте, екіншісі Лондонда өтеді. Көктемгі жекпе-жектен соң Елеусінов жазда өңірлік титулдар үшін айқастар өткізу жоспарлауда. Бұл туралы қаңтарда немесе ақпанда жарияланады. Әрине, он раундық жекпе-жек болады және Әлиев ол туралы Астанада жаңа жылда мәлімдейтін шығар. Елеусінов өңірлік титулды алған соң, әлем чемпионы белдіктеріне дейін бірнеше рет жекпе-жектер өткізуі тиіс болар. Бірақ ол Даниярдың 2019 жылғы әрекеттеріне қарай 2020 жылға дейін созылуы мүмкін», - деп жазады басылым.