Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатылды

Данияр Нұрашұлы 1981 жылы 21 қаңтарда Қарағанды облысында туған.
ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды.
2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы.
2018-2019 жылдары Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.
2020-2021 жылдары «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы.
Соңғы қызметіне 2021 жылдың наурызында тағайындалған еді.