Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль алды
Фото: olympic.kz

Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан +0.026 секундқа ғана қалып қойған.

Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр.

Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.