Даңқты футболшы Пеленің ұлы 33 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның "Сантос" клубының бұрынғы қақпашысы Эдсон Чолби - әлемге танымал Пеленің ұлы наркотик саудасына қатысы барлығы үшін 33 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады ИТАР-ТАСС.
None
None

Голкипер өз карьерасын 1999 жылы 29 жасында аяқтаған болатын. Ол кезде оны салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапқан көшедегі автожарыстарға қатысты деп айыптап, 6 айға түрмеге қамаған еді. Ал 2005 жылы полиция операциясы кезінде оның заңсыз кокаин саудасына қатыстылығы анықталған.

Айта кетейік, Пеле Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығы (ФИФА) нұсқасы бойынша 20-ғасырдың ең үздік ойыншысы, әлемнің 3 дүркін чемпионы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар