Danone Италия, Германия Венгрия елдеріндегі зауыттарын жабады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық Danone SA (BN.FR) сүт өнімдері мен суысындарды өндіруші сәрсенбі күні сатылым көлемі күрт төмендеп кеткен Италиядағы, Германиядағы, Венгриядағы зауыттарын жабуды жоспарлап жатқандығын мәлім етті.

Danone Италия, Германия Венгрия елдеріндегі зауыттарын жабады

«Еуропада сату көлемі біртіндеп жақсарып келе жатқанына қарамастан, кейбір салалардағы артық қуатты байқап, еуропалық сүт өнімдері бизнесі тұтастай қысқартылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл шешім Италиядағы Казале-Кремаско зауытында шамамен 100 жұмыс орнын, Германиядағы Хагеновада 70 орынды, Будапешт, Венгрияда 155 жұмыс орнын қысқартуға әкеледі, деп қосты Danone.

Бағдарлама толықтай 2015 жылдың ортасында іске асырылатын болады.