Danone Италия, Германия, Венгрия елдеріндегі зауыттарын жабады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық Danone SA (BN.FR) сүт өнімдері мен сусындарды өндіруші сәрсенбі күні сату күрт төмендеп кеткен Италиядағы, Германиядағы, Венгриядағы зауыттарын жабуды жоспарлап жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлады Утро.ру.

Danone Италия, Германия, Венгрия елдеріндегі зауыттарын жабады

«Еуропада сату көлемі біртіндеп жақсарып келе жатқанына қарамастан, кейбір салалардағы артық қуатты байқап, еуропалық сүт өнімдері бизнесі тұтастай қысқарды», - делінген баспасөз парағында.

Бұл шешім Италиядағы Казале-Кремаско зауытында шамамен 100 жұмыс орнын, Германиядағы Хагеноведе 70 орынды, Будапештте (Венгрияда) 155 жұмыс орнын қысқартуға әкеп соғады, деп қосты Danone.

Бағдарлама толықтай 2015 жылдың ортасында іске асырылатын болады.