Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке салынатын ҚҚС 5%-ға дейін түсуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM –2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке салынатын ҚҚС-ны 5%-ға дейін түсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатында айтты. 

Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке салынатын ҚҚС-ны 5%-ға дейін түсуі мүмкін
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Бастапқыда 10 пайыздық ҚҚС мөлшерлемесі тағайындалады деген күткенбіз. Енді талқылаулардан кейін дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге салынатын қосылған құн салығын 2026 жылдан бастап 5%-ға дейін төмендету туралы пайымға келдік. Тегін кепілдендірілген медициналық көмек пен МӘМС аясындағы қызметтер түгел ҚҚС-дан босатылады, — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол меншік иесіне қарамастан қосылған құн салығынан босатылатын дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтердің тізімі жасалатынын атап өтті.

— Бұл әлеуметтің қалтасына тікелей әсер ететін, халық жиі сатып алатын, жеке меншік медициналық ұйымдардың қолындағы дәрі-дәрмектер мен қызметтер болады. Мысалы, күрделі сырқаты бар адамдар мен онкология саласында көрсетілетін көмек түрлері ҚҚС-дан босатылады, — деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, ол 1 мамырдан бастап жедел жәрдем қызметінің жаңа жұмыс тәртібі қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді

Соңғы жаңалықтар