«Дарьял-У» полигонындағы қауіпті конденсаторларды жою бағдарламасы әзірленуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дарьял-У» полигонындағы қауіпті конденсаторларды жою бағдарламасы әзірленуде. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой мәлім етті.
«Дарьял-У» полигонынан конденсаторларды шығарудың бірінші кезеңі бірқатар қиындықтармен жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта аталған конденсаторларды шығару және жою екінші кезеңінің бағдарламасы әзірленуде. Олардың саны шамамен - 5900 дана. Бүгінде бұл бағдарлама жан-жақты талқыға түсуде», - деді А.Дерновой. Жауапты хатшының атап өтуінше, аталған конденсаторлар қауіпті. Сондықтан да ел Үкімет бұл қалдықтарды шығару және жою жұмыстарына бағытталған шараларды жалғастыруда. «Қаржыландыру республика бюджеті есебінен жүргізіледі. Сәйкесінше бағдарламада дайындалуда. Онда қалдықтарды шығаруға кететін шығындар нақты анықталады», - деді ол. Айта кетейік, «Дарьял-У» - ерекше құпия суперстратегиялық мәндегі бұрынғы әскери нысан. Осы нысанда 15 мың аса қауіпті конденсатор табылған болатын.