Дәретханадан 20 келі алтын табылды
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Калькуттадан Бангкокқа келіп қонған ұшақтың дәретханасының қызметкерлері 24 алтын құймасын тауып алған, деп хабарлайды segodnya.ua.
Әр құйманың орташа салмағы 1 келідей болатын алтын ұшақ қонғаннан кейін табылды. Олар екі сөмкеге салынған болып шықты. Алтынның жалпы құны шамамен $1,1-1,4 млн. Ұшақ Jet Airways әуе компаниясына тиесілі.
Алтын контрабандасына қатысты айыпталушы жайлы полиция ресми түрде мәлімдеме жасамады, бірақ рейстің бір жолаушысы тергеуге алынды деген ақпар бар.