Дархан Әбдуахит AMANAT партиясының баспасөз хатшысы болып тағайындалды

дархан әбдуахит
Фото: Amanat партиясы

АСТАНА. KAZINFORM — AMANAT партиясына жаңа баспасөз хатшысы келді. 

Дархан Әбдуахит 1983 жылы 12 шілдеде дүниеге келген.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолын «Жас қазақ», «Алға» журналдарында бастаған.

«Хабар» арнасында «Жеті күн», «Бетпе-бет» бағдарламаларының жүргізушісі болды.

2022 жылдан бастап «Хабар 24» арнасында шығарушы редактор қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар