Дархан Кәлетаев барлық аймақтарда жастар және отбасы істері басқармасын құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев еліміздің барлық өңірлерінде жастар және отбасы істері басқармасын құру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Биыл шілдеде Қоғамдық даму министрлігі құрылды. Оның құрамында Жастар және отбасы істері комитеті ашылды. Осылайша, бүгінде жастар саласында процестерді басқарудың белгілі бір жүйесі қалыптасты», - деді Д.Кәлетаев.

Ведомство басшысы атап өткендей, жүйелі шаралардың арқасында Қазақстан 2017 жылы жастар прогресінің көрсеткіші бойынша Ресей, Үндістан және Индонезияны басып озып, 102 мемлекеттің ішінде 63-ші орынға ие болды.

«Алайда бәрі сондай дұрыс емес, алдын ала мәлімет бойынша, биылғы жылдың желтоқсан айында жастар мәселелерін ішкі саясат басқармасына тапсыру ұсынылып отырған Ақмола және Алматы облыстарының жастар саясаты мәселелерін басқаруды оңтайландыру жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, оның айтуынша, аймақтарда жастардың ресурстық орталықтары үшін ғимараттар мәселесін шешу қажет, «олардың әкімдіктерде немесе басқа ресми органдарда орналасуы дұрыс емес».

Сондай-ақ Д.Кәлетаев өзінің баяндамасында жастар саясатын қаржыландыру барлық деңгейде өсірілгенін хабарлады.

«2018 жылы аймақтарда қаржыландырудың жалпы көлемі 7,45 млрд теңгені құраған, өсім шамамен 1 млрд теңгені құраған. Республикалық деңгейде ағымдағы жылы қаржыландырудың көлемі 401 млн теңгені құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 273 млн теңгеге өсті. Біз Жастар жылын өткізу аясында барлық деңгейдегі жастар саясатына бюджеттің өсірілетінін күтіп отырмыз», - деп түйіндеді министр.

Соңғы жаңалықтар