Дархан Қыдырәлі: Заң зорлық-зомбылықты азайтады деп сенеміз

заң
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң туралы Facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.

Депутат заң әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықты азайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

«Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңдарға қол қойды Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғаны белгілі. Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Заң әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықты азайтады деп сенеміз», - деді Дархан Қыдырәлі.

Еске сала кетейік, бүгін Президент әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар