Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» газетінің жаңа басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» газетінің басшылығына белгілі ғалым, публицист, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
None
None

«Егемен Қазақстан» газетінің ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырдым. Бас газеттің басшылығына белгілі ғалым, публицист, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін оның Халықаралық Түркі академиясын басқарып келгенін білесіздер. Бұрынғы басшы Еркін Қыдырға газеттің және жалпы отандық баспасөздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Д.Қыдырәлі ғасырлық тарихы бар «Егеменнің» елдігімізді нығайту жолындағы істерін одан әрі жалғастырып, газетті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін»,-  деп жазды министр.

Соңғы жаңалықтар