Дархан Қыдырәлі: Масс-медиа туралы заң журналистің құқығын айқындайды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Талдықорғанға сапары барысында Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға үкіметтік емес ұйым басшылары, діни бірлестік жетекшілері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

Жиында азаматтық қоғам қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар талқыланып, масс-медиа туралы заң мен журналистердің мәртебесі жайында бірқатар мәселе көтерілді.

Дархан Қыдырәлі жаңадан құрылған облыстың идеологиялық әлеуетінің жоғары екенін айтып, өңірдің еріктілері атқарып жатқан жұмыстарын ерекше бағалап өтті.

«Масс-медиа туралы заң журналистің құқығын айқындайды. Оның мәртебесін белгілеп, бекітеді. Біз әрине ол заңның да жетілуіне, жүруіне министрлік ретінде көмек көрсетеміз», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.


Соңғы жаңалықтар