Дархан Қыдырәлі оңтүстік қазақстандық студенттерге дәріс оқыды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастаруымен өтіп жатқан Түркі халықтары журналистерінің форумы аясында «Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жалпы, ұстаз бен ақпарат құралдарына ортақ қасиет  тәрбиелеу. Яғни, бұл екеуінің де қоғамдағы рөлі үлкен». Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жөнінде студенттерге дәріс оқыған Дархан Қыдырәлі осындай ой айтты.
Бұдан кейін мақаланы талқылау, еркін пікір алмасу болды. Мақаладағы ұлттық код, латын қарпіне көшу мәселесіне студенттер өздерінің ұсыныстарын, көзқарастарын білдірді. Көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оған жауаптар алды. Кездесуді аталған оқу орнының ректоры Оңалбай Аяшов жүргізіп отырды.

Соңғы жаңалықтар