18:15, 09 Маусым 2023 | GMT +5
Дархан Қыдырәлі журналистерді заң талаптарын сақтауға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қамауда отырған журналиске қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Думан Мұхамедкәрім туралы ақпаратты оқыдым. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол журналистік қызметі үшін емес, заңды бұзғанына байланысты айыпталып отыр. Қазақстан – құқықтық мемлекет, заң алдында бәріміз бірдейміз. Сондықтан әріптестерімді заңды бұзбауға және оны құрметтеуге шақырамын. Айтпақшы, журналистер Мәжіліс дәлізінде осы мәселе туралы сұраған еді. Сол жерде де «саяси көзқарас үшін» деп қоғамдық тәртіпті бұзғанына байланысты айыпталғанын меңзеген едім», - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында Думан Мұхамедкәрімге тағы бір бап бойынша жаңадан айып тағылғаны хабарланған еді.