Дархан Нұрпейісов банк омбудсманы болып сайланды

None
Фото: t.me/arrfrkz
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 40-1-бабына сәйкес өкілдер кеңесінің кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісов көпшілік дауыспен банк омбудсманы болып сайланды. Бұл жайында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дархан Қадырбайұлының заңгерлік білімі бар, заң ғылымдарының докторы, профессор, іскерлік басқару магистрі (МВА).

Банк секторында жұмыс өтілі бар, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде, ҚР Ұлттық банкінде басшылық лауазымдар атқарған.

Агенттік Ерсерік Дәменұлы Сиырбаевқа банк омбудсманы лауазымындағы тиімді жұмысы, аталған институттың қалыптасуына және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтады.


Соңғы жаңалықтар