Дәрі-дәрмек сатып алу моделінде қандай проблемалар бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев дәрілік заттарды сатып алуды жоспарлаудың жаңа моделі пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрі-дәрмек сатып алу моделінде қандай проблемалар бар

«Бірыңғай дистрибьютер арқылы сатып алу аясында дәрілік заттарды жоспарлаудың қолданыстағы моделінде жүйелі проблемалар байқалады. Кейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркіліске медициналық ұйымдардың дұрыс жоспарламауы, денсаулық сақтау басқармаларының, МӘМС бойынша өтінімдерді жинау мен келісудің көпсатылы процесі себепкер болып жатады», - дейді Ерхат Есқалиев.

Осыған байланысты, енді компания өз жұмысын қайта жүктеп, жоспарлаудың жаңа моделіне көшпекші.

«Жаңа модельдің мәні «ЭРДБ» және «МИСов» ақпарат жүйелерінің деректері негізінде автоматты режимде қажеттілікті қалыптастыруға негізделеді», - деді «СҚ-Фармация» басшысы.