Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жасалатын мемлекеттік сатып алу жариялы, ашық түрде өтуі тиіс

АНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жасалатын мемлекеттік сатып алу жариялы, ашық түрде өтуі тиіс.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жасалатын мемлекеттік сатып алу жариялы, ашық түрде өтуі тиіс

Бүгін Астанада өткен дөңгелек үстел жиынында Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрайымы Анна Александрова осылай мәлімдеді.

«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қазіргі таңның ең өзекті мәселелерінің бірі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жариялы түрде жүргізілуі мен бақылаудың дұрыс ұйымдастырылуы көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Экономикалық-әлеуметтік құқықтар жөніндегі Халықаралық пактіде, ҚР Конституциясында бекітілген әр азаматтың денсаулық сақтау құқығы қажетті жағдайда дәрі-дәрмекке қол жеткізу мүмкіндігіне кепілдік береді. Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған Кеңес осы бағытта жұмыс жасап жатыр», - деді А. Александрова.

Шара барысында емделушілердің құқығын қорғау саласында жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оларға баға белгілеу механизмдерінің жариялылығы мен ашықтығына тәуелсіз сараптамалық баға берді. Дәрі-дәрмектерді сатып алу үрдісінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтау мақсатында республиканың төрт қаласында, атап айтқанда Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Семей қалаларының 79 медициналық мекемелерінде жүргізілген сауалнама қорытындыларына талдау жасалды.

Дөңгелек үстелге Сорос-Қазақстан қорының, Азаматтық альянс және «Аман-саулық» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.