Дәрі-дәрмектер бағасы қымбаттамайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа экономикалық саясатқа орай, еліміздегі әлеуметтік көңіл күйдің нашарлауына жол бермеу үшін барлық қажетті іс-шаралар қабылданатынын мәлімдегені белгілі.
None
None

Соның бірі - халықтың әлеуметтік ахуалы төмен топтары үшін ең маңызды мәселенің бірі - дәрі-дәрмектер бағасы. Осыған орай, елімізде халық көп тұтынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасы көтерілгені туралы дерек жоқ, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Құзырлы ведомство осыған орай: «Ағымдағы жылдың 23 тамызында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аймақтық департаменттерінің мамандары өткізген 200 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасына жасалған мониторинг көрсеткендей, олардың бағасының өскені туралы деректер елімізде тіркелген жоқ. Осы мәселеге орай, тұрғындардан да арыз немесе өтініштер түскен жоқ» деп хабарлады. Аталған министрлік өкілдері атап айтқандай, Қазақстанның барлық аймақтарында министрлік пен республика фармакологиялық қауымдастығы арасында қол қойылған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бағасын ұстап тұру туралы меморандумның шарттары сақталуда.

Атап айтарлығы, ең алдымен, дәрі-дәрмек сатумен айналысатын кәсіпкерлерге дәрілік заттардың бағасын өзгертуге болмайтыны ескертілген. Сәл шегініс жасайтын болсақ, ағымдағы жылдың 30 наурызында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еліміздегі фармакологиялық қауымдастықпен медициналық мақсатта пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын бір деңгейде ұстап тұру туралы келісім жасаған. Түптеп келгенде, мұндай меморандум халықтың арасындағы әлеуметтік ахуалы төмен топтарға үлкен қолдау болғаны сөзсіз.

Бір қуанарлығы, отандық және халықаралық дәрі-дәрмек өндірушілер, еліміздегі дистрибьюторлар мен жеке сауда өкілдері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бағасын 2015 жылдың 1 наурызындағы деңгейден өзгертпеуге міндеттеме алды. Бұл 200 дәрі-дәрмектің ішінде халыққа аса қажеттілері, атап айтқанда, науқас адамның қызуын түсіретін, қабынуға қарсы және ауыруды басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, піспе мен жара таңғыштар бар.

Бұл орайда, дер кезінде шара қолдану - Қазақсстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы саясатының табысының кепілі. Содан шығар, біздің бұл тәжірибемізді көршілес елдер енгізіп жатқаны. Мәселен, 2008-2009 жылдары жаһандық экономикалық дағдарысқа қарсы іс-шараларымызды бірінші болып, ресейліктер үлгі тұтты. Сол кезде Ресей президенті қызметін атқарған Дмитрий Медведев: «Дәрі-дәрмек бағасын қымбаттату арқылы қиын кезеңде байып кетуге ұмтылу - арсыздың ісі. Бұған қасқаша баға беруге болмайды» деп мәлімдегені есімізде. Олай болса, кімде-кім экономикалық қиыншылықтардан алдын-ала сақтанатын болса, ешқашан ұтылмайды. Бұл - бұған дейінгі дағдарыстардан бірінші болып шыққан Қазақстанның озық тәжірибесі.

Әмірлан Әлімжан

Соңғы жаңалықтар