Дариға Назарбаева Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің жарақтандырылуын жоғары бағалады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат  - Атырау облысында жүрген Сенаттың халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева  Атыраудағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының № 51051 әскери бөлімінде болған кезінде әскерлердің  жарақтандырылуын жоғары бағалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Әскери бөлімде сенаторға  барлау  бөлімшесінің нысанды киімдерін, «Амфибия» бөлімшесінің, таулық, жалпы әскери, шабуылдау бөлімшесінің жабдықталуын, сондай-ақ салтанатты әскери киім нысанын көрсетті.

«Батыс» өңірлік әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Дәулет Оспанов бөлімнің қалай құрылғандығы туралы әңгімеледі, сондай-ақ әскери трофейлер музейін көрсетті.

Танысу кезінде Дариға Назарбаева қазақстандық өнімдерге назар аударды.

Біздің әскердің қаруларында «Арлан» бронды машинасы, БТР-60 командалық бронды машина, жаңғыртылған цифрлы радиорелелік Р-409 стансасы, әмбебап ұтқыр байланыс кешені,   Талис» және «Тадиран» радиостансасы, АКМ-72 автоматы, ПП-90 тапанша-пулеметі бар.

Соңғы жаңалықтар