11:09, 27 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Дариға Назарбаева әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
«Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді Д.Назарбаева.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.
Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.