Дариға Назарбаева бастаған делегация - Мәскеуде

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Дариға Назарбаева бастаған Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің делегациясы жұмыс сапарымен Мәскеуде жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Үш күндік сапар барысында ресейлік әріптестер және ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізу көзделген.

25 ақпанда ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау ғылыми-зерттеу сынақ орталығына барды. Онда орталықтың басшылығымен кездесіп, жаттығу базасымен танысты, Юрий Гагариннің ескерткішіне гүл қойды.

Бүгін қазақстандық сенаторлар ресейлік әріптестерімен - РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен, сондай-ақ РФ Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Ильяс Умахановпен кездеседі. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамуын, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті тұстарын, халықаралық парламенттік ұйымдар аясындағы жұмыстарды үйлестіру мен өзара әріптестік мәселелерін талқылайды.

27 ақпанда қазақстандық делегация РФ Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин және ЕЭК Алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен жүздеседі.


Соңғы жаңалықтар