Дариға Назарбаева іскер әйелдерге пайдалы кеңес берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева іскер әйелдерді бизнес жүргізуде жастардан жаңа әдістерге үйренуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мүлдем басқа ортада өскен кәсіпкерлердің жас буыны ілесіп келе жатыр. Бұл балалар интернет және цифрлы технологиялар дәуірінде тәлім алған және бизнес жүргізуде олардың көзқарасы өзгеше», - деп тоқталды сенатор «Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық бизнес-конференцияда.

Д. Назарбаеваның пайымынша, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығына қазіргі және жас буынның мүдделеріне теңгерім жасаған пайдалы болар еді. Осы ретте бұндай қадам оларға табысқа жетуге көмектеседі.

«Шын мәнінде бүгінде жастардан үйренетін тұстар бар. «Жас қанаттар» (Қауымдастықтың жастар қанаты) бізге, ересектерге соңғы буынды цифрлы технологияларда білімді шыңдап, делдалдар мен қажетсіз шығындарды айналып өту арқылы бизнес жүргізуге көмектеседі деп үміттенемін. Бұл тұрғыда баршамыз үшін үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр. Бүгінде әлеуметтік желілер бизнес жүргізуге жақсы жағдайлар жасап отыр. 14-17 жастағылар үйде компьютер алдында отырып, табыс жасап жатқаны белгілі. Бұрындары осындай мүмкіндіктер болмайтын еді», - деді Дариға Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар
telegram