Дариға Назарбаева Мәжілістің вице-спикері болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Дариға Назарбаева Мәжілістің вице-спикері қызметіне сайланды.
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері қызметіне депутат Дариға Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды.
Қатысқан 103 депутаттың барлығы бір ауыздан Мәжіліс Төрағасының орынбасары қызметіне Д. Назарбаеваның кандидатурасын қолдады.