Дариға Назарбаева Михаил Гусманмен кездесті
Онда төрағалық етушілер жаһанданудың қазіргі әлемдік дағдарысқа әсері және деглобализация көріністері туралы айтқан болатын.
М. Гусман Қазақстанда 2002 жылдан бері өтіп келе жатқан ЕАМФ-ның қалыптасуы мен дамуына Дариға Назарбаеваның қосқан жеке үлесін атап өтті. Форумның ауқымды бағдарламасы өзекті тақырыптарға арналған ашық пікірталастарға, сөз алушылардың мазмұнды сөздеріне, әлемдік сарапшылардың шеберлік сыныптарына толы болды. Форум аясында сондай-ақ осы саланың кәсіби мәселелері - сан әлеміндегі журналистиканың болашағы мен блогосфера ықпалының өсуі талқыланады.
Ресейлік беделді медиаменеджер: «Мен ЕАМФ-ға таңданып отырмын», - деді.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ Қазақстандағы ішкі саяси жағдайды да талқылады.