Дариға Назарбаева президент сайлауына түспейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева  кандидат ретінде қатыспайды. Бұл жайында Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дариға Назарбаева президент сайлауына түспейді

«Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.