Дариға Шәкімова Қытайдағы бокс турнирінде «күміс» жүлдені иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда лицензиялық турнирде әйелдер арасында финалдық жарыс өтуде, деп жазды Sports.kz.
75 келіге дейінгі салмақта рингке қытайлық Кван Ли мен қазақстандық Дариға Шәкімова шықты. Жарыс өткізуші елдің өкілі - 3:0 (40:36, 40:36, 40:36) есебімен басым түсті.
Бұдан бұрын турнирде бірінші орынды Жасұлан Әлімханұлы (75 келі), екінші орынды Әділбек Ниязымбетов (81 келі), ал Олжас Сәттібаев (52 келі) пен Қайрат Ералиев (56 келі) тиісінше - үшінші орынды иеленген болатын.