Дәрігер аурухана қақпасы алдында қайтыс болған науқас әйелдің жағдайын дұрыс бағаламаған - ДСМ

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың қақпасы алдында тұрғылықты жері белгісіз әйелдің қайтыс болу оқиғасына байланысты

Дәрігер аурухана қақпасы алдында қайтыс болған науқас әйелдің жағдайын дұрыс бағаламаған - ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті тәуелсіз медициналық сарапшыларды тарта отырып, арнаулы комиссия құрды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінен хабарланды.

«Тексеру қорытындысы бойынша марқұмды клиниканың қабылдау бөліміне жедел медициналық жәрдем бригадасы 2013 жылғы 14 шілде күні кешке жеткізгені анықталды. Әйелдің қолтығындағы іріңдеген жарадан құрт табылған. Қабылдау бөлімінде кезекші хирург науқастың сүт безі обыры дертін анықтап, жарасын өңдеген соң қалалық онкологиялық диспансерге баруға кеңес берген. Қабылдау бөлімінің кезекші хирург-дәрігері Орталық клиникалық аурухананың хирургия бөліміне жатқызуға мұқтаж науқастың жағдайын дұрыс бағаламаған», делінген баспасөз баянында.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама орталығы өлім себептерін анықтау үстінде. Комиссияның тексеру қорытындылары құқықтық баға беру үшін Алматы қаласының прокуратурасы мен ішкі істер департаментіне жолданды.