Дәрігер Айна Бакеева сот үкімімен 10 тәулікке қамалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігер Айна Бакеева сот үкімімен 10 тәулікке қамалды

Дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған.

Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын желіде астанадағы №58 мектепте 3-сынып оқушысына дәретханада жасырын вакцина салынғаны туралы видео тараған еді.

Видеодан Айна Бакееваның жанындағы әйелдермен бірге мектепке баса-көктеп кіргенін көруге болады.

Онда балаларға ата-анасына айтпай вакцина салынып жатқаны сөз болады.

Кейіннен мектеп басшылығы мен баланың анасы ондай жағдайдың болмағанын, видеоның провокация екенін мәлімдеді.