Дәрігер: Денсаулықтың негізі - мықты иммунитет
Жиында иммунитетті нығайту, тұмауды коронавирустен ажырату жолдары талқыланды. Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының неврология бөлімшесінің меңгерушісі Макшарип Мартазанов өзінің тәжірибесі туралы айтты.
Оның коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу тәжірибесі бар. 2014 жылы оның жетекшілігімен Атбасарда, Степногорде және Ақмола облыстық №2 ауруханасында осындай орталықтар ашылып, соның арқасында Ақмола облысында өткір инсульт кезінде шұғыл көмек көрсетуді толық өңірлендіруге қол жеткізілді.
«Әр адам өзінің денсаулығын ойлауы тиіс. Денсаулықтың негізі - мықты иммунитет және ауруды дұрыс алдын алу», - деді М.Мартазанов өз сөзінде.
Сонымен қатар, ол суық тиюден пайда болатын тұмаудың ерекше белгілерін айта келе, коронавирустан айырмашылығына тоқталды. Коронавирусте науқастың дене қызу 37 және одан жоғары болады. Тыныс алуы қиындап, жөнел, кейде тамақ аурады. Коронавирус адамның өкпесін, жүйке жүйесін және жүрек-қан тамырларын зақымдап, иммунитетіне кері әсер етеді.
Дәрігер коронавируспен ауырғандарды емдеу кезінде, өзі де қауіпті дертті жұқтырып, емделген. Өкінішке орай, коронавируске қатысты ДДҰ сынақтан өткізіп, рұқсат берген бірде-бір вакцина жоқ.
«Екпе алған адамның тұмаумен ауру тәуекелі өте сирек. Вакцина ауырған кезінде оның жеңіл өтуіне сеп болып, асқынуына жол бермейді», - деп толықтырды М.Мартазанов.
Жиын барысында дәрігерге тұмау және коронавируске қатысты сауалдар қойылып, жауаптар алынды.