Дәрігер Сәндібаеваны өлтірген күдіктінің үйқамақта қалдыруды сұраған өтініші аяқсыз қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Сот психиатриялық  сараптама амбулаториясының төрағасы Рашида Сәндібаеваны өлтіруді ұйымдастырды деген күдікпен тұтқындалған Зәуреш Изалдина бұлтартпау шарасын өзгерте алмады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

УҰИ-дан үйқамақта ұстауға ауыстыру туралы қолдаухаты кеше Қостанай облыстық сотында қаралды. Мекеме баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз табылмады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қолдаухат бойынша отырыс  жабық режімде өтті.

Еске салсақ, Қостанай облыстық жүйке аурулары  диспансерінің бас дәрігері АСПС төрайымы Рашида Сәндібаеваны 20 ақпанда өз пәтерінде айуандықпен өлтірген. Күдікті ретінде екі адам ұсталды, тікелей орындаушы Руслан Ғафаровқа іздеу  жарияланды. Қаза тапқандардың туыстары ол РФ-ға Башқұртстанға туыстарына кетіп қалған деп санайды, олар осы республика тұрғындарынан ол туралы мәлімет беру жайында көмекке жүгінді.

Соңғы жаңалықтар