Дәрігерлер 425 мың теңгеге дейін үстемеақы алды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан Ақмола облысының дәрігерлері еңбекақыға қосып төлеп жатқан үстемеақы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер 425 мың теңгеге дейін үстемеақы алды - Ақмола облысы

Ақмола облыстық көпейінді ауруханасының провизорлық станционарының меңгерушісі Наталья Соколованың айтуынша, аталмыш медициналық мекменің 10 жуық дәрігері өткен аптада 300 мың теңгеден астам теңгеден үстемеақы алды.

«Науқас адамдармен байланыста болғандармен жұмыс істеп жатқан ұжым мүшелерінің барлығы алды. Дәрігерлер наурыз айында 144 сағат жұмыс істеді. Кейбір қызметкерлері аз алды. Өйткені, олардың жұмыс сағат кем болды. Біз бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ауысыммен - 6-8 сағаттан жұмыс істейміз», - дейді Наталья Соколова.

Ол атап өткендей, тәуекелдің екінші тобына жататын провизорлық станционардың қызметкерлері 425 мың теңгеге дейін үстемеақы алды. Бүгінгі күні жататын провизорлық станционарда коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған 40-тан адам жатыр.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет екенін айтқан болатын. Наурыздың 30-нан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ай сайын еңбекақыларына белгілі мқлшерде үстемеақы төлеу туралы шешімді бекітті. Осы бұйрыққа сәйкес, тәуекелдің үш тобы анықталып, олар 380 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін үстемеақы алулары тиіс.