Дәрігерлер 80 минут бойы соқпаған жүректі «қайта тірілтті»

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Британдық дәрігерлер 50 электр разрядымен 1,5 сағат бұрын жүрегі тоқтап қалған 60 жастағы ер адамды өлім аузынан алып қалды.

Дәрігерлер 80 минут бойы соқпаған жүректі «қайта тірілтті»

Ер адамның сөзіне қарағанда, ол үйінде жұбайымен әңгімелесіп отырған кезінде кеуде тұсынан қатты шаншуды сезінген. Зейнеткер жұбайына жедел жәрдем қызметін шақыруды сұрамақ болғанымен, етпетінен құлап, есінен танып қалған.

Ер адамның үйіне келген дәрігерлер оны ажалдан құтқармақ болғанымен, ол өмір сүрудің ешбір белгілерін танытпады. Мамандар ер адамды құтқармаққа әрекеттеніп, 30 рет электр зарядын берген.

Ер адам Northampton General Hospital ауруханасына жеткізілгеннен кейін, дәрігерлер емделушінің өлді деп тіркеген.

- Біз инфаркт алған ер адамның қайта тыныс алып, о, дүниеден қайта оралғанын көргенде қатты таңырқап тіпті есеңгіреп қалдық. Жалпы алғанда оның жүрегі 80 минут бойы соқпады, - деді дәрігер Доминик Кокс.

9 күн өткен соң өлім аузынан аман қалған зейнеткердің денсаулығы түзеле бастады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.