Дәрігерлер: Ашқұрсақ жүру - адам ағзасына пайдалы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал диетолог Джоанна Макмилланның айтуынша, түнгі ұйқыға жатар алдында тамақ ішпей, ашқұрсақ ұйықтау пайдалы. Өйткені, дене бұл кезде артық қорды пайдаланады, ал таңғы ас оның орнын толтырады, деп жазды News.com.au.

Дәрігерлер: Ашқұрсақ жүру - адам ағзасына пайдалы

Доктор Сьюзи Баррелл адамдар көбіне сәл аш жүргеннен қорқады, керісінше, тағамды тек қарын қатты ашқан кезде тұтыну қажет. Бұл ағзаны жаттықтырады екен.