Дәрігерлер Астанадағы №1 перзентхана жұмысының не себепті тоқтағанын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы босанған екі әйел қайтыс болуынан кейін №1 перинаталдық орталықтағы босандыру залы не себепті уақытша жабылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қандай да бір инфекция болды деген ақпаратқа тоқталсақ, бұл қауесет шындыққа жанаспайды. Яғни, екінші ана өлімі болған кезде, ұйымдастырушылық шаралары аясында екі күнге мерзімінен бұрын босанатындарды №3 перинаталдық орталық, ал шұғыл босанатындарды №2 перинаталдық орталық қабылдайды деп шештік. Атап айтқанда, перзентханадағы ахуалды тұрақтандыру үшін аталған шешімді қабылдадық. Кеше кешкі сағат 8-ден орталық жұмысын жандандырды», - деді Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сәуле Мұқышева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана перзентханасында көз жұмған 2 әйелге қатысты жайттар белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар