00:14, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Дәрігерлер: Айына бір рет ашығу денсаулыққа пайдалы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық дәрігерлер айына бір рет ашығудың өзі адам денсаулығына пайдалы деген тұжырымдамаға келді. Олардың айтуынша, бір күн тамақ ішпей, ашыққан адамның жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қауіпі 40 пайызға азаяды екен.
Атап айтқанда, демікпесі бар адамдар үшін ашығу оларда жиі болатын ұстаманың азаюына септігін тигізеді. Мамандардың пайымынша, әсіресе ашыққан кезде ағзада болатын «жеңіл» күйзеліс иммунитеттің жағдайына оң әсер етіп, қатерлі істің пайда болуынан сақтайды.
Америкалық дәрігерлер адамдарға денсаулықты сақтау үшін бір тәулік ашықпаса да, таңғы ас пен кешкі асты ішпегеннің өзі жеткілікті деп отыр. Ең бастысы, ашыққан кезде суды көп ішкен абзал. Себебі, ағзаға қажетті сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде болуы шарт, деп жазады Росбалт.