07:42, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
Дәрігерлер биік өкшенің қандай зияны барын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алабама (АҚШ) университетінде жүргізілген зерттеу соңғы 10 жылда биік өкшенің кесірінен адамдардың жарақат алуы екі есеге өскенін көрсетті. Ғалымдар әйелдер арасында екінің бірі биік өкше кие отырып, басын қандай қатерге тігетінін жете түсіне алмайды дейді.

Бұл туралы Росбалт жазады.
Олар 2002-2012 жылдар арасында биік өкше салдарынан болған жарақаттарды зерттеген. Осы он жыл ішінде 123355 адам жарақат алғаны анықталған. Тек 2011 жылдың өзінде бұндай оқиғалардың саны 19 мыңнан асқан. Көбіне бұндай оқиғаға 20-29 жас аралығындағы бикештер ұшырап келген.
Жарақат алғандардың 80 пайызы өкшесін немесе қызыл асығын тайдырып алған. 20 пайызы тізе, омыртқа, иық, басы және мойынына зақым алған. Осылардың 50 пайыздайы сіңірін создырып алса, 19 пайызы әр түрлі жерлерін сындырып алған.