Дәрігерлер: Дене тәрбиесі қатерлі ісіктің 13 түрінің дамуын төмендетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жиі жасала бермейтін жаттығулар да қатерлі ісіктің 13 түрінің дамуын төмендетеді. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізгеннен кейін британиялық ғалымдар айтты.

Дәрігерлер: Дене тәрбиесі қатерлі ісіктің 13 түрінің дамуын төмендетеді

Тәжірибеге шамамен 1,4 миллион адам қатысты. Мамандар 1987 жыл мен 2004 жыл аралығында алынған зерттеу нәтижелеріне сараптама жүргізді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Нәтижесінде жаяу серуендеу, велосипедпен жүру немесе жүгіру бауыр ісігінің дамуын 27%, өкпе обырының дамуын 26%, бүйрек ісігінің дамуын 23% төмендететіні анықталды. Жалпы дене тәрбиесі қатерлі ісіктің кез келген түрінің дамуын 7% төмендетуге ықпалдасады.

Ғалымдар спортпен ең кемі аптасына 2,5 сағат айналысуға кеңес береді. Айта кетейік, АҚШ-та тұрғындардың 51% мұны да жасамайды екен. Жалпы Жер тұрғындарының арасында олардың үлесі шамамен 30%.