Дәрігерлер: Денсаулық мықты болу үшін үнемі шай ішу керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде барша халық ортақ пайдаланытын сусындардың бірі - шай. Алайда, оны қанша мөлшерде пайдалану керектігі жайлы ғалымдар арасында дау әлі біткен емес. Мәселен, Голландияның денсаулық сақтау кеңесі күніне 3-5 кесе шай ішу керек деп есептейді. Бұл қан қысымын, диабет және инсульт қаупін төмендетуге көмектеседі, деп жазды The Telegraph.

Дәрігерлер: Денсаулық мықты болу үшін үнемі шай ішу керек

Алайда, оның оң әсерін біраз уақыт өткен соң ғана байқауға болады.

Мамандар қара және көк шайды кез-келген жаста ішуге болатынын айтады. Кішкентай балаларға сүт қосылған шай беруге де болады. Алайда, ең пайдалысы көк шай болып саналады. Осыған дейін жасалған зерттеулер нәтижесінде көк шай құрамында ерекше аминқышқылы - теанин бар екені анықталды.

Бұл зат адамның көңіл-күйіне жақсы әсер етеді (күйзеліс жойылады). Сондай-ақ, оның құрамындағы антиоксиданттар обыр дертінің алдын алуға ықпалдасады. Бұл антиоксиданттар кеуде, өкпе, асқазан обырына (ісігіне) қарсы тұра алады. Кей ғалымдардың айтуынша, шай Альцгеймер (алжу) дертінен қорғап, холестерин деңгейін төмендетеді.