Дәрігерлер: Картоп қан қысымын арттырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Картопты тағамда аптасына төрт рет және одан да көп пайдалану қан қысымын арттырады. Америкалық ғалымдар айтқандай, бұл тұрғыда оның қалай дайындалғаны маңызды емес.
Картопты жиі пайдалану кезінде қан қысымының көтерілу қаупі 11%, ал чипсы жеу кезінде 17% артады.
Картопта крахмал көмірсутектері болғандықтан, гликемиялық индекс жоғары. Бұл адам қанындағы глюкозаны көтеріп, диабетке шалдығу қаупін арттырады. Атап өту керек, картоп әйелдер үшін қауіпті, деп жазады шетелдік БАҚ.