Дәрігерлер күніне қанша көкөніс жеу керектігін анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Диетологтар өз-өзіңді жақсы сезіну үшін күніне қанша көкөніс пен жемісті тұтыну керектігін анықтады.
Оксфорд университетінің мамандары аурулардан сақтану үшін күніне көкөніс пен жемістің 8 порциясы жеткілікті екенін анықтады.
Зерттеу кезінде ғалымдар пайдалы тағамды жеткілікті пайдалану жүректің ишемиялық ауруының туу қаупін 22% төмендетіп, ішек-қарын жолының жұмысын қалыпқа келтіретінін анықтады.
Мамандар 40-85 жас аралығындағы 300 000 еріктінің денсаулығын сараптады. Кейін осындай тоқтамға келді.
Айта кетейік, көкөніс пен жемістің 1 порциясы - шамамен 100 грамм.