Дәрігерлер құтырған тиінмен ойнаған балаларды қатаң бақылауға алды
АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Ресейдің санитарлық қызметі Псков облысында құтырудан өлген тиінмен ойнаған балалардың денсаулығын қатаң бақылауға алды,
деп хабарлайды Интерфакс.
РФ бас мемлекеттік санитар дәрігері Геннадий Онищенконың айтуынша, Псков облысының Печорский ауданындағы жазғы сауықтыру лагерінің қызметкерлері салақтық танытып, балалардың тиінмен ойнауына жол берген. «Тиін өлі табылды. Медицина бекетінің дәрігерлері оны тексеруге жіберді. Ол құтырудан өлгені белгілі болып отыр», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл уақытта балалар лагерден үйлеріне кетіп қалған. Тиінмен ойнаған 20 бала анықталып, оларға арнайы екпе жасалған.